Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  66


Автор: Серікбай Бердияров

Ақталар

Ақталар,
Мақталар,
Болғым келмейді боркемік.
Себебі жүрген адамдарымыз зор көріп.
Біржары,
Бір жердің жұты екенін,
Кейін білгенде өлгемін,
Білгірсіп,
Сөзімді жолдан бөлмегін.
Адамнан қашан қалады екен сорлылық?!
Арбасып жатыр бірі-біріне тор құрып,
Осының өтті қорлығы,
Біреулер үшін күнделік,тірлік сияқты.
Басқа бермесін еріктен тысқары сынақты,
Тақылмын
Көзімді жұмбай таңыңды, таңға атырдым.
Жылдар бойына бәйге бермеген қазанат,
Бағы тайғанда тартқандай екен жазаға.
Жылдар бойына қызмет еткен азамат,
Жүргенін көрдім дүңгіршіктерді жағалап,
Білмейтіндейміз қолдағымызды бағалап.
Біреулер үшін таудан құлады су ақты,
Құдіреттілігі ескерілмепті бұлақтың.
Ешқандай мәні,
Суының дәмі, әңгіме арқауы болмайды,
Ашатын кімдер жабылып қалған құлақты.
Құрбысы үшін,
Қырғышы түсін,
Қазанын жуар құралы.
Бәлдубайлардың кезекке қойған сұрағы,
Өкшесі түсіп,
Беттері ісіп тұрғандығынан бейхабар.
Осындайынан бітіп таусылдым азар боп
Жүрегім шемен
Көңілім қалды мазар боп.
Тасталқан,
Дегенмен толы дастархан.
Қонағым боп кел, бас тартам,
Аға десеңіз ағамын,
Іні десеңіз шабамын.
Өмірім,
Өңірім,
Сен жақсы болсаң, мен ірі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу