Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  69


Автор: Серікбай Бердияров

Ауылдың

Ауылдың
Болмыс,бітімін
Жан-тәніңменен түсініп,
Білемін десең жақындау
Бәрін тастайсың ісіңнің.
Мақтауға алып қоңдысын,
Сен кереметсін оңдысын.
Деп қолтыққа су бүркіп,
Көтеріп кетпе соңғысын.
Бабалар мұрасы ауылда,
Аталар мұрасы ауылда,
Аналар мұрасы ауылда,
Себебі өсім ауылда.
Пырағы желмен жарысқан,
Аспанға атылар арыстан.
Ер жүрек ерлер ауылда,
Келгендей болма марстан.
Қарттарым есен бармысың
Деген ақынның жарғысын,
Жаттаған жандар ауылда,
Өзінше барлар әр кісі.
Мұқағали, Шәмші, Төлеген,
Жүмекендерім бөлеген
Өлең жырларын тербетіп,
Болыңдар теңіз телегей.
Жер менен көктің арасын,
Ауыл мен қала шарасын.
Біріктіріңдер көрейік,
Тамсанып ел жұрт қарасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу