Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  59


Автор: Серікбай Бердияров

Сырттағыға көрінгенмен қатаңдау...

Сырттағыға көрінгенмен қатаңдау,
Көпшілікпен қатынасып татам дәм
Өмір сүру барысында ешқашан
Жағдайым жоқ ой нәлеті атанған.
Алмас қылыш тат баспайды қынында
Сөз қадірін түсінеді ұғынған
Байқамасаң жекеленіп кетесің,
Базбіреудің өсегінің ығында.
Аман болсын!
Есендікте өз елім
Қуанышта қақырайды өзегім
Артық кеткен жерлеріме өкінем
Кемістіде бір адамдай сеземін.
Іштегілер лықып кейде шығады.
Толығырақ бастан өткен ұғады
Қарыны тоқ алаңсыздар қаншама,
Жаға жыртып бұрылмайтын бұғағы.
Айтылғанды тыңдамайды қол ұрып,
Қалатындай жарамсақтан молығып
Әсірелік ұзамасын білгенмен,
Әр адамның өз бойында толығы.
Армандаған жарасады кімге де,
Шығатындар әулие емес мінбеге.
Атыңызға кір келмесін десеңіз,
Біреулердің жетістігін күндеме




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу