Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  73


Автор: Серікбай Бердияров

Өмірдің мәнін жете түсіне білмеген....

Өмірдің мәнін жете түсіне білмеген,
Замандасыма жалпыға бірдей тілменен.
Пайдаңа тартып болмайтыныңа өзеуреп,
Өзімшілесең жақпайсың дер ем, кімгеде.
Уақыттың өзін қажеттілік де, ауадай
Қолдағы бардың іске асуын уайымда.
Соның соңынан халіңе қарап көресің
Ыждақат жетсе өзгені сапқа дайында.
Тағы,тағы да дұрыстығына көз жеткіз,
Ақауы болса сол мезетінде өзгерткіз.
Біткен ісіңнің жасап кетуі дүдәмәл,
Қадағаламау қолдан жасаған өз дертің.
Балалық шақта жасадым қардан аққала,
Есейгенімде күнімді көрдім тас қалап.
Қайда болғанда адалдығыма жантайдым,
Салмақ салмадым діңкелесемде басқаға.
Сенімділікпен, өнімділікке қол жетті.
Екі ортада қанша жымысқы жол кесті
Абыржысамда күрмелген затқа жақындап
Үйрену үшін түйінді түйіп, оң шештім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу