Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  56


Автор: Серікбай Бердияров

Бітетіннің аумағында өзеуреп...

Бітетіннің аумағында өзеуреп,
Ерініңді шығармағын кезерген.
Арамзаның бірақ тұтам құйрығы,
Тек табады өз ойына өзі ермек.
Асқаныңды, тасқаныңды шарадан,
Түсінеді жете жіктеп қараған,
Есебінен жаңылады демеңдер,
Өз басына өзі ие әр адам.
Өзімді де, өзгені де тындаймын,
Болу үшін бәрімізге ыңғайлы.
Іштегімді ақтаруым сондықтан,
Қажетіне жаратқандар құндайды.
Тұрақтайсын адалдыққа ақтыққа,
Ыждақаттап қарағышта сақтыққа.
Ниетіне әр адамның береді,
Шайтан ісі деп жатады аптыққан.
Уылжыған жастығымнан көк өрім,
Өз ісіме өзім ғана егемін.
Соныменен мән жайымды салмақта,
Бар ма, жоқ па өзгелерге көмегім.
Ой електе жасырулы аш тоғым,
Меніменен ойнамаңдар басқа ойын.
Белсенділік тәрбиенің ішінде,
Ең бастысы қуантады қас жоғы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу