Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  73


Автор: Серікбай Бердияров

Жасалатын іс көп екен өмірде...

Жасалатын іс көп екен өмірде,
Іріктедім қонымдысын көңілге.
Соның өзі қолдануға келгенде,
Сан адамға жүгінтеді кемінде.
Біреуінің көзі жақсы өзінен,
Біреуінің өзі жақсы сөзінен,
Біреулері келмегесін икемге,
Құтылуды амалдайсын тезінен.
Кедергінің қайсы бірін айтасын,
Тиіп кетсең қыран-топан айқасу.
Жаймен жүрсең мүсәпірге санайды,
Қатты жүрсең тағы пәле қорқасын.
Жансын десең жасалынған еңбегің,
Болашақпен барды жоқты теңдегін.
Қажетсіз деп табылғанның өзінде,
Ап айқын боп көрінеді кем жерің.
Беймәлімдеу болғанымен жауабым,
Баршаға аян ортақтығы ауаның.
Олай болса шашырамай тарыдай,
Тірлігіңде өзің ізде дауаны.
Сонда атымен аталады көп есім,
Біреулерге қақтырып-ап шегесін.
Неге олай бұлай деуге болмайды,
Жақсы жаман жауапталсын егесі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу