Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  94


Автор: Серікбай Бердияров

Ойыңдағыны біреу түсініп,түсінбес...

Ойыңдағыны біреу түсініп,түсінбес,
Жағдаятыңды көрсете білсең ісіңмен.
Меншігіңдегі өз қажетіңе жаралып,
Жаңаша серпін өмірге келмек ішіңде.
Тыныштығыңмен өмір сүрілу орынды,
Болашағыңа қарастырылған қорыңды,
Қалай ұстайсын әңгіме мәні осында,
Тиянақсыздық қайната қояды сорыңды.
Айналаңның да әсері мұнда көбірек,
Көргенділердің алған асуы кеңірек,
Қасында жүрсең тиюі әбден пайдасы,
Байланысқанда жауаптасасын жөнімен.
Орнықты істің баяндылығы бақытың,
Зая кеткендей көрінгенімен уақытың.
Өзің ашасын кілтіңменен есікті,
Өзің сілтейсін жүргізілетін бағытын.
Адамшылықпен сабақталынатын тізбеде,
Алдындағыдан ешкім де үміт үзбеген.
Арман дегенің тауысылмайтын аламат,
Көз жұмылғанша серіктеседі сізбенен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу