Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  95


Автор: Серікбай Бердияров

Ізет сақтап үлкендіктің алдында...

Ізет сақтап үлкендіктің алдында,
Бұрмаланып берілмеймін қалжыңға.
Қай жағдайда өз-өзімді ұстаймын,
Тұрғанымен болмыс бітім қалбында.
Туралыққа кейін-кейін жүгінсем,
Ақтық үстем болмақ екен түбінде.
Қолдағыны бөле жармай тең ұстау,
Жүрілімге бағдар екен тігіңнен.
Көк майсалы сыңсып өзен жағасы,
Жатқаныңмен тұрғаныңмен таң асып.
Өсімінде тәрбие алып көрмеген,
Құштар емес бақылауға шамасын.
Батырлардың батырлығы ұрыста,
Арманына жетеді екен тырысқан.
Менің межем өлермендік қақында,
Сүйреленіп қыбырлаған құмырсқа.
Сан-салаға тарамдалған жалған-ай,
Баз біреулер іздетеді малға жай,
Баз біреудің іздегені дау-дамай,
Баз біреудің күнкөрісі талғажау.
Өтілгенді деңгейімде түйіндеп,
Тұрып алмай кібіртіктеп иінде,
Ойдағымды ақтарам да тастаймын,
Тындырымын аңғарасыз күйімнен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу