Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  89


Автор: Серікбай Бердияров

Елдің жақсылары мен жайсаңдары...

Елдің жақсылары мен жайсаңдары,
Елдің жүгі артылған арқаңдағы.
Күннен-күнге келеді жеңілденіп,
Оған куә ізгі ісің әр таңдағы.
Жасалынған жұмысың көрініп тұр,
Жан тәніңмен еліңе беріліпсін.
Қала, дала түгелдей өзгерісте,
Иі қанған қайыстай өріліп тұр.
Космодромнан ұшырған зымыраның,
Көкжиекті бетке алып зымырады.
Жер жүзінің парасат иелері,
Болмысымен қолдауда ымыраны.
Тыныштығың айт-айтпа не тұрады,
Көргенсіздік кергиді төс ұрады.
Менің жақсыларым мен жайсаңдарым,
Алға сүйрелейтіндей көшін әлі.
Ойда жүрген ой еді көптен мұным,
Тағдырымда аз емес шеккен мұңым.
Барды айтқым үнемі кеп тұрады,
Жарғандайын қауызын еккен гүлім.
Жасуынан сараның өтіремін
Әрбір іске қақырап көкірегім.
Шүкір етем ұрпағым болмағанға,
Ұрығына сатылар бекіренің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу