Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  69


Автор: Серікбай Бердияров

Басты қойып жастыққа жатқанменен...

Басты қойып жастыққа жатқанменен,
Төңбекшиді төсекте шақтау денем.
Жатып-жатып шыдамай атып тұрам,
Кемежайға келгендей баққан кемем.
Сонан кейін отырып орындыққа
Амандассаң жеңіне қолын тыққан,
Жөн сұрасаң жауабы қисаятын.
Адамдармен арбасам жолым жұқпа
Сонан кейін танымы төмендеген
Қыңырайған жандармен шегенделем
Байларға да, шіріген кезігемін
Малы жанын өсірген көгендемей
Сонан кейін мәңгіріп меңіреудей
Дайын тұрар кездер бар еңіреуге
Түні бойы құрылған шумақтарым
Босаңсысам дап дайын мені реуге
Көз алдымда қайдағы,жайдағылар
Дегенменен жағы бар пайдалы да
Небір қиын түйіндер шешілгенде
Жүргеніңді білмейсің қайжағында
Бір кездері талықсып жығыламын.
Сәулесіне малынып шұғыланың.
Таң нұрымен тұрам да қабаттасып,
Шайымды ішіп,барымды ұғынамын.
Ақын жаны осылай күнделікті
Кімге осал білмеймін кімге мықты
Жазам, сызам қайбірі жыртылады
Обалы бар мендегі күнделіктің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу