Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  79


Автор: Серікбай Бердияров

Ойын күлкімен өртеніп...

Ойын күлкімен өртеніп,
Өмірді сүрдім ертегі.
Қалай жүріп тұрмайын,
Асымды іштім тер төгіп.
Дүние мүлік қуынып,
Өзгергені жоқ ұғымым.
Барлық затқа зер салдым,
Көрмедім әсте құбылып.
Жұмысыма да кісі сап,
Жылпостанбадым ісім ақ.
Қиналғаным шамалы,
Болмағанына түсім ақ.
Үйленгенде де қалауым,
Көтерді сенім жалауын.
Атануға тырыстым,
Келешегімде бала ауыл.
Орта жаста да елпеңдеп,
Кеткем жоқ ұзап өлкемнен.
Өзгеге салмақ салғам жоқ,
Көтердім барды желкеммен.
Өнердің қорғап намысын,
Қарадым байқап аңысын.
Содан да болар ақ адал,
Кезіккен барлық табысым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу