Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  73


Автор: Серікбай Бердияров

Сынық сүйем ажырамай қасымнан...

Сынық сүйем ажырамай қасымнан,
Қабағыма қарайлаған жасымнан.
Тіреуіші көк тәңірі болсада,
Артық ауыс асырмаған басымнан.
Асыл ағам алдымдағы ақ мешіт,
Мекен жайым ауыссада сан көшіп.
Тарықтырмай ішіп жемді жеткіздің,
Осындайда болады екен жан кешу.
Рахмет бергеніңе шүкірлік,
Тәліміңмен тәрбиеңнен бүтінмін.
Жастығымда мән бермеппін түккеде,
Жағдайларға кезіксем де күтпеген.
Айды қолға ұстатпадың дегендей,
Міндетіңе қол сілтеппін жүктеген.
Бірін бұзып екіншісін сындырып,
Жасасамда адам төзбес жындылық.
Тал бойымнан жаның қалмай іздепсін,
Ыждақатпен терең бойлап құндылық.
Ағам менің абыройым, атағым,
Аман есен өсті өнді шатағың.
Шаршағандай мал қайырып өрістен,
Қиғылық сап болмайтынға керіссем.
Түк көрмеген, түк білмеген болыпсын,
Күтердейін адамшылық терістен.
Қарамаудан етек, жаға, жең шығып,
Тұла бойды қаптасада кемшілік.
Ойламастан зияны мен пайдасын.
Қиқарыңа ұсыныпсын теңшілік.
Нардың жүгін жүрген аға көтеріп,
Аман болсам еңбегіңді өтермін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу