Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  76


Автор: Серікбай Бердияров

Балам-ай!

Балам-ай!
Даладай!
Әкеңнің көрмей көңілін,
Езу тартқанға алданғандайсын келінім.
Кім қарсы еді кетемін десең бөлініп,
Аяқ астында тапталды әттең сенімім.
Саналы,
Сананы,
Бітірердеймін кеміріп.
Енді орнына түсе бергенде өмірім.
Кетті дедің бе елден ерекше семіріп.
Төсенішіңмін,
Мың қайталайын,
Миллион қайталайын,
Сен ірі.
Жаһуттай
Уақытты,
Босқа рәсуа етіппін.
Кезі келгенде шешпеппін тіпті етікті.
Бүтіндесеммен опырылып қалған кетікті,
Күнді түніме ауыстырып алған кезім бар.
Сонда осы ма күтініп жүрген жетістік.
Ойлар-ай
Бойламай,
Бір бірімізден өтістік.
Тағдырым,
Абдырап
Айталмай жатырмын сөзімді.
Балам-ай
Кінәлі еттім енді кәйтейін өзімді.
Арбаспай алыстау салғын көзіңді,
Қашанғы өткізе бересін бөзіңді,
Бүгінде бауырым бүтін езілді.
Бірақта адам екенмін төзімді,
Балалар,
Шамалар
Кезің келеді өзіңді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу