Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  63


Автор: Серікбай Бердияров

Ұғынғанға жөн-жосығы жобалы...

Ұғынғанға жөн-жосығы жобалы,
Ұлым саған айтар сөзім көп әлі.
Ездің де бар естісі мен енжары,
Сөздің де бар қонағы мен обалы.
Өтірікке бой алдырсаң болғаны,
Ырысыңнан айрыласын қолдағы.
Ар мен ұят-адалдықтың кепілі,
Екеуінің егіз келер толғағы.
Бірақ тұтам өтіріктің өлшемі,
Ақша оның ала құйын бөлшегі.
Ер-тоқымсыз екі жүзді немедей,
Жеме жемде сатып кетер ол сені.
Алдау арбау-айыр тілі жыланның,
Ібілістің ырқына ерген ылаң бұл!
Осылардан алыс жүрші,құлыным,
Әке сөзін аманаттай құп алғын.
Аң мен құста шықпайды ғой бір іннен,
Ертеңіңе жауап ізде бүгіннен.
Қателігін ұғынудың орнына,
Тірлігінен жандар қанша түңілген…
Саязданып сары алтындай салмағың,
Сен де соның кебін киіп қалмағын.
Көңіл қойып,көз тоқтатып қарасаң,
Жанталасып жатқан өмір жан-жағың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу