Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  222


Автор: Серікбай Бердияров

Туған жерімнің табиғатына таңданып...

Туған жерімнің табиғатына таңданып,
Таң әлетінде қалсада киім намданып.
Далаға шықтым қалыңдау етіп киініп,
Көкорай шалғын аяқ шалады жан жағың.
Сәскеліктерде қиял әлеміне беріліп,
Құдіретіне бас идім туған жерімнің .
Ат ізін салмай кеткенге біраз уақыт
Қалай басамын қалай қоямын шерімді.
Аспан айналып жерге түсетін шағында,
Арыда бері қыдырдым гүлзар бағында .
Шаңқай түс болды деген ескертпеге де ,
Елең етпеген түрім байқасам тағында .
Түстен кейінде қанның қысымы қалыпты.
Еске алмағанда Қажмұхан сынды алыпты.
Жүрек соғысы жігіт ағасын мегзейді ,
Кетпегеніне сілтелейтіндей талықсып.
Сананы серпіп самалы желпіп кешқұрым,
Ауыл жастары бастағанында кеш жырын .
Жетістірудің барлық жағдайын жасадым,
Ол ғаламатты көрген емессің ешбірің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу