Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  83


Автор: Серікбай Бердияров

Отаным менің!

Отаным менің!
Отбасы ошақ қасында,
Бала шағамен дастарханымның басында.
Шүйіркелесіп отырғанымды айтпасам,
Не болар еді шынайылықтан осында.
Туған жерімді,
Шыққан тегімді білмесем,
Бірге оқыған жолдасты көзге ілмесем.
Туыстарымды, ағайынымды жат санап,
Не болар еді төргі киізді тілдесем.
Қолымдағыны қызғыштай қорып жасырсам,
Жақындағанды өңменнен теуіп қашырсам.
Биікке қойып қарақан бастың пайдасын,
Не болар еді айла амалымды асырсам.
Көңілімдегі келеңсіздікті ірікпесем,
Сүттей ұйыған біршілігіңе бірікпесем.
Аталы сөздің аңысын аңдап қарамай,
Не болар еді кінәсізіңді түрт десем.
Ата-анамды аяламасам бақпасам,
Ішілетінді маңдай терлетіп таппасам.
Өзгелер үшін қол ұшын берер жерлерде,
Не болар еді санаға сіңіп батпасам.
Көңіл көрігі осыған сайлы нақтасам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу