Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  68


Автор: Қалбай Әбдіраманов

МЕНДЕ МҮЛДЕМ ЕШКIМ ЖОҚ...

Менде мүлдем ешкiм жоқ.Досым бар ма,
Арқа сүйеу боларлық қосылғанда!..
Ұлтан еткен барлығын күйкi тiрлiк,
Қашып кеткен қайғымнан шошынғанда!..
Менде мүлдем ешкiм жоқ.Қыздар қайда,
Мен деп бiреу жанарын ызғарлай ма!..
Өлеңiмдi оқысам бiреулерге,
Оның кiм деп бiреулер қызғанбай ма!..
Менде мүлдем ешкiм жоқ.Кiшi бөлек:
Не дейдi олар үп-үлкен кiсiге кеп!..
Салу үшiн иыққа мына тауды,
Қажымұқанның,қарағым,күшi керек!..
Менде мүлдем ешкiм жоқ.Жаным қайғы,
Аракiдiк кеп бiреу жаңылмайды.
От секiлдi көзiмдi қызықтырып,
Менен соңғы жiгiттер жалындайды!..
Мен сендердiң бәрiңе жанымды ашам,
Тiзе бүгiп,болмай тұр жалынбасам.
Сағынбауға бола ма махаббатты,
От кезiңдi бола ма сағынбасаң!..
Елемеуге ақын жан қалай шыдар,
Өтiп жатқан минутты санайсың әр.
Жылаймын мен,жылаймын еңiз-теңiз,
Жылайтындар мен құсап талай шығар!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу