Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  74


Автор: Оңайгүл Тұржан

ЕЛСІЗДІКТЕР КЕЛЕ ЖАТЫР ЕҢБЕКТЕП

Дала жатыр өзiн өзi өрнектеп,
Орамалым
сабалайды желдi өкпек.
Құпиясын iшке бүгiп алдымда,
Елсiздiктер келе жатыр еңбектеп.
Құйындары бой жеттi де, пiстi де,
гүлдерi өстi қызыл-жасыл түстi iле.
Жусандар да жүргiсi кеп жолменен,
өсiп апты қара жолдың үстiне.
Шыршалар да қолын бұлғап достарға,
табан тiреп дiнi берiк тастарға,
өрмелеп бiр шың басына шығады,
Шығады да шашын жуады аспанға.
Бал аралар бал iздеп ән толғайды,
Өрмекшiлер әсем өрмек торлайды.
Торғайды да күтiп тұр ғой сан жұмыс,
Табиғатта жұмыссыздық болмайды.
Тiршiлiктiң тiнiн ғалам үзбейдi,
Көктем келдi.
Көңiл қайық жүзгейдi.
Өлiп қалған илеулер де,
қайтсiн-ай,
мойнын созып құмырсқасын iздейдi.
Отырады дала ненi ойға алып?
Қарлығаштар ұшар сенi айналып.
Көз ала алмай,
Аң-таң болып тұрасың,
Мынау тылсым сұлулыққа байланып.
Бұл ғажапты сөз таба алмай айтарға,
Санам жетпей құпиясын байқарға,
Мен де дала болып кеткiм келедi,
Өмiрiмдi иiрiп тастап ойпаңға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу