Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  147


Автор: Оңайгүл Тұржан

АРМАН

Атса да күнде жаңғыра,
Арманда шығар таң мына.
Арманда қалған шығар-ау,
Кешегі сынған домбыра.
Қиялай өтіп құздардан,
Қорғаған елін ызғардан.
Арманда кеткен Махамбет,
Ерлігің енді бізге арман.
Арман да арман,
Сан арман,
Сан арман құмда жоғалған.
Сахара кешіп, саз кешіп,
Сан арман құмда тоналған.
Құлататын да сол арман,
Жылататын да сол арман.
Жұбататын да сол арман,
Сол арман барда, жоғалман!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу