Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  71


Автор: Оңайгүл Тұржан

Замана көз алдыңда барады ағып...

Замана көз алдыңда барады ағып,
Шаттыққа өкiнiштi орап алып.
Мәз боласың кетiлген көңiлiңе,
бiреудiң жылы сөзiн жамап алып.
Жылдамдықтың баяуда өшi қалып,
Қысқа күннiң батады кешi налып.
Жалғайсың Шаттық атты көйлегiңе,
Уақытыңның етегiн кесiп алып.
Сөйтiп, оны ұзартып алған болып,
Құлын көңiл ұшады тарлан болып.
Тағы сенi таң атпай оятады,
Шабытына мiнiп ап қалған жорық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу