Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  80


Автор: Төлеген Жанғалиев

Ар-аға

((А.Ахметжановқа)
Саз төгілтіп саусақтан,
Сана, ойын шаршатқан.
Ала қашқан ат-тонын,
Атақ пенен мәнсаптан.
Редактор болмаған,
Хатшылыққа бармаған.
Бара жатып Меккеге,
Түсіп қалған арбадан.
Құдайға да сенбеген,
Құмайға да ермеген.
Пайғамбары – ұлы Абай,
Пайда ойлап көрмеген.
Жаттағаны ұлы өлең,
Жастай өзі сүйеген.
Жазған әні сүбелі,
Құр қалса да сүбеден.
Мінезі де біртүрлі,
Күлкісі де сиқырлы.
Жолдастары – «бұлақтай»,
Жолатпайтын «іркіңді».
Ән кітабы шықпаған,
Әнді бірақ мықтаған.
Алпысқа да кеп қапты,
Арғынбектей күшті ағам.
Енді несін айтайын,
Елге жетпес «айқайым».
Оятып жүр әні оны,
Сарыарқаның сай-сайын.
Тал, ағашқа тіл бітіп,
Тау-тастарды шұлғытып.
«Шыңғыстаудың вальсін»
Шырқап жатыр құйғытып.
«Тоты құс түсті көбелек»,
Толқыны әннің жебелеп.
Гүлдерден букет жасап жүр,
Арекеңе арнап керемет.
Не сыйласаң артық па?
Жақсы өнерге-ол тұтқа.
Шала бүлініп жатамыз,
Шалқар емес, шалшыққа!
«Кісіге қарап сөз алып»,
Кісілік кетті жоғалып.
«Тоңды» десе бір мықты,
Жүгіреміз тон алып.
Тұлпарға балап шабанды,
Сұңқарға теңеп жаманды.
Жалпы етек мынау ағайын,
Жағымпаз әртіс боп алды.
Құтылар одан күн бар ма,
Құтырып өмір тұрғанда.
Өмірдің өзі танытар,
Кім бәйге және кім жорға!
Тұлпардай болып жараған,
Арғымақ көңіл Ар-ағам.
Бәйгеден келер күн туар,
Сол күнге дейін бол аман!қа)
Саз төгілтіп саусақтан,
Сана, ойын шаршатқан.
Ала қашқан ат-тонын,
Атақ пенен мәнсаптан.
Редактор болмаған,
Хатшылыққа бармаған.
Бара жатып Меккеге,
Түсіп қалған арбадан.
Құдайға да сенбеген,
Құмайға да ермеген.
Пайғамбары – ұлы Абай,
Пайда ойлап көрмеген.
Жаттағаны ұлы өлең,
Жастай өзі сүйеген.
Жазған әні сүбелі,
Құр қалса да сүбеден.
Мінезі де біртүрлі,
Күлкісі де сиқырлы.
Жолдастары – «бұлақтай»,
Жолатпайтын «іркіңді».
Ән кітабы шықпаған,
Әнді бірақ мықтаған.
Алпысқа да кеп қапты,
Арғынбектей күшті ағам.
Енді несін айтайын,
Елге жетпес «айқайым».
Оятып жүр әні оны,
Сарыарқаның сай-сайын.
Тал, ағашқа тіл бітіп,
Тау-тастарды шұлғытып.
«Шыңғыстаудың вальсін»
Шырқап жатыр құйғытып.
«Тоты құс түсті көбелек»,
Толқыны әннің жебелеп.
Гүлдерден букет жасап жүр,
Арекеңе арнап керемет.
Не сыйласаң артық па?
Жақсы өнерге-ол тұтқа.
Шала бүлініп жатамыз,
Шалқар емес, шалшыққа!
«Кісіге қарап сөз алып»,
Кісілік кетті жоғалып.
«Тоңды» десе бір мықты,
Жүгіреміз тон алып.
Тұлпарға балап шабанды,
Сұңқарға теңеп жаманды.
Жалпы етек мынау ағайын,
Жағымпаз әртіс боп алды.
Құтылар одан күн бар ма,
Құтырып өмір тұрғанда.
Өмірдің өзі танытар,
Кім бәйге және кім жорға!
Тұлпардай болып жараған,
Арғымақ көңіл Ар-ағам.
Бәйгеден келер күн туар,
Сол күнге дейін бол аман!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу