Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  73


Автор: Төлеген Жанғалиев

Бұрынғы мен бүгінгі.

Бұрынғылар Үш жүзден қол жинаған,
Бүгінгілер туысқа “мен мұндаған”.
Алматыда сондықтан “Үйсінмін” деп,
Астанада “Найман” мен “Арғын” болам.
Үйімнен шықсам болды қырық қадам,
Қулық салып, әйтеуір “туыс” табам.
Обалым Алты алаштың баласына,
Ата қуып, қандасын жуытпаған.
Апыр-ай, “Қазақ” деген атым қайда,
Ертісте ел қуалап қосылмай ма?
“Қазақ қайда барасың” деп қоятын,
Бір Бұқар керек екен осындайда.
Егемен Ел паспорты төсімдегі,
Есімімді әйтеуір өшірмеді.
Ұрығыңды иіскелеп, ұл болмайсың,
Ұлтарақтай Алашым, кешір мені!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу