Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  104


Автор: Төлеген Жанғалиев

Біз

Рухын биіктеткен елден едік,
Тұғырда тұратұғын кеуде керіп.
Енді бүгін еңсеміз жер бауырлап,
Елден қалған малтаны езбеледік.
Батыр ек қалмақ қуып «шор» қашырған,
Ақын ек ел алдында сөзді асырған.
Жүгіргеннің алды едік, жүйрігі едік,
Жүлде артылып көрмеген бәйге атынан.
Біз едік, ұлылардың ұрпағы едік,
Кезінде кең әлемге шырқап едік.
Бұл күнде ауыл толған Асанқайғы,
Қусаң болды кететін құлша безіп.
Көшкен ел, кеткен туыс көз жылатып,
Қаңырап қараша үйде қалды бақыт.
Қураған ағаш-тоғай сынып жатыр,
Иілмейтін бастарын салбыратып.
Тек бүгінгі қарынның қамын баққан,
Ел ертеңін ойлайтын табылмас жан.
Түк қолымнан келер жоқ, мен отырмын,
Түңіліп іні-бауыр, қарындастан...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу