Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  77


Автор: Төлеген Жанғалиев

Оқы

Оқыдың бакөзімнен, оқымысты қауымым,
Мендегі бар бейнеттің қаншалықты ауырын?
Оқысаңшы, оқышы, сендер оқып болғанша,
Желді күнгі желкендей желпілдейді сабырым.
Сүзек шалған сырқаттай түйір қан жоқ өңіңде,
Далам анау далиған көріне ме көзімде?
Тауларым ше, тауларым, таласатын аспанмен,
Тайлақ құсап ол қазір аз-ақ қалған шөгуге!
Көлдерім де көзімнен көрінбей ме шынымен,
Жазды күнгі іркіттей жан жолатпай іріген.
Қарашықтың түбінен қараңызшы, шықпай ма,
Қыз-бұлақтар қыдырып сыңғыр қаққан үнімен?!
Оқы, оқы, оқырман, аман ба екен ауам да,
Жатқан жоқ па ұшырап тағы да бір зауалға?
Мұның бәрін сендерге көрсете алмай тұрса егер,
Көзім менің көз емес, ағып түссін одан да!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу