Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  67


Автор: Төлеген Жанғалиев

Мойындау

Сынық қанат тағдырыма сым байлап,
Ұйықтамақ мәңгілікке күнді ойлап.
Көрге түссем жайлы жатар ма екем деп,
Көрпе, жастық қойдым және ыңғайлап,
Саналы ойға саңылаудан күн түспей,
Кеудемді жел осқылайды бишіктей.
Абай атам бол деп еді «бір кірпіш»,
Бола алатын жайым да жоқ кірпіштей...
Не деп кеттім, нем бар еді, Құдай-ау,
Тағы енді табалайды-ау мына жау.
Өзін-өзі мойындаған жөн шығар,
Өзін-өзі дұрыс па екен кінәлау!
Деп қоямын дерттің демін ауыр ап,
Жетім қозы-жүрек іште маңырап.
Жүріп өткен жолыңды айту оңай-ау,
Артта қалған ізіңді айту-ауыр-ақ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу