Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  71


Автор: Төлеген Жанғалиев

Жерұшық

Көкжиек, әне, өртенді,
Шоқ қылып таудың тасын күн.
Құбылаға тосып желкемді,
Жерұшық беріп жатырмын.
Үлкендер үшфу үшкірген,
Үкілеп титтей күнімде.
Сондағы шыққан ыстық дем,
Бүркіп тұр бетке бүгінде.
«Елуден асқан мынада
Ес бар ма өзі?» демеңіз.
Жүргенмен бүгін қияда,
Жерге де ертең енеміз.
Талқыға салып терімді,
Таяқтан қашқан кезімде,
Желпінтіп алам өзімді,
Жерұшық берген жерімде.
Желкемді қиса жер қисын,
Жерімнен ғана жеңілем.
Көзімді жапса мөлдір түн,
Көрден де түс боп көрінем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу