Өлеңдер ✍️

  21.07.2022
  6438


Автор: Манарбек Ержанов

САЙРА, БҰЛБҰЛ

Ел-ана туған тыңның құшағында,
Ержеттім жас қыранға ұсадым да.
Баулыған мені, елді – компартия
Сайраймын құлпырған ел құшағында.
Құс таңдай көмейден əн тізген бұлбұл,
Сызылтып сыбызғы үшін үзбен бұлбұл, –
Қанатын дірілдетіп, өлеңге ұйып,
Үйренген əн мен жырды бізден бұлбұл.
Жайнатқан сəуле шашып елдің жанын,
Бақытты өмір берген нұрлы таңын.
Ардақтап туған елім ту ғып ұстайд
Жайнаған жаңа өмірде Ленин заңын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу