Өлеңдер ✍️

  21.07.2022
  114


Автор: Манарбек Ержанов

ЖАСТАР ТОЙЫ

Жастармыз шынарындай шыңның өскен,
Білімнің тұнығынан жүзіп ішкен-ау!
Сайрандап сұлу өмір саясында,
Сүйісіп жұбайымен жар тілдескен-ау!
Қайырмасы:
Сайрандап еліміз
Сайраған кезіміз-ай,
Саңқылдап даусымыз
Шырындай сөзіміз
Қуаныш тасқанда,
Əн жетіп аспанға,
Елімнің бағына,
Бағына күн нұрын шашқанда.
Білімде, еңбекте
Даңқымыз жер-көкке
Асудан асуда.
Жарқ етіп ақ сұңқардай аспанға ұшқан,
Өмірден тілегенін жастар құшқан.
Той тойлап көкте, жерде сайрандадық,
Қай ел бар бақыт құсы бізден асқан?
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу