Өлеңдер ✍️

  20.07.2022
  202


Автор: Артюр Рембо

Ата-бабалармен әңгіме

Иә, біз сенің ата-бабаңбыз!
Қарашы,
Ерлікке толы жеңіл шараптың шарасы.
Дарыған оған жасыл шөптер мен
Толған айлардың парасы.
Күннің астында, шамасы,
Ішуден басқаны қаламайды адам санасы.
Мен. – Басымды жұтса, шіркін-ай, менің,
Жабайы өзендер жағасы!
Біз сенің ата-бабаңбыз!
Сұс-есім.
Су іздер болсаң, ол – ағаштарда
қымтаған қабық мүшесін.
Қарашы: ол су – орларда,
және маңайда –
құлыптап қойған кісесін.
Су керек болса,
Біздерге қарай –
көр-қоймаға онда түсесің,
ал сүтті кейін – ішесің.
Мен. – Барғым келеді сансыз отарлар
қандырған жерге місесін!
Иә, біз сенің ата-бабаңбыз!
Ыдыстарында от күлген,
Барлығы да әзір:
Кофе де, шай да бөктірген.
– Қабірстаннан оралып тұрмыз шоқ гүлмен.
Мен. – Барлық қоқыс салғышты
Құрғатсам, шіркін!.. – деппін мен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу