Өлеңдер ✍️

  20.07.2022
  136


Автор: Артюр Рембо

ҚАРАҚАТТЫҢ ӨЗЕНІ

Қарақаттың өзені түк түсінбей жылжиды,
Періштелер секілді қарғалар.
Кернейлерін үргілеп тартады кеп бір күйді,
Аққан өзен үніне жалғанар.
Самал желдің соңынан қалмай еріп сүңгиді,
Қарағайлар жүгірген – ол да бар.
Барлығы да ескірген құпияның соңынан
Далақтайды,
ереді дабырға.
Көне қамал,
керең жар жолығады жолынан,
Ер-Серінің елесі қабырда.
Айтады елес сыбырлап – қорқынышты торыған...
Ол күн, бірақ малынған жалынға!
Жалғыз жаяу жүргінші сығаласын жарықтан,
От алсын бір сілкінген күйінен.
Құдай өзі қарғаға құдіретін дарытқан,
Жауынгері орманның – шүйіген –
Анау ашкөз шаруаны – қарғымайтын арықтан,
Қуу үшін үйгүшікті үйреншікті үйінен.
(Май 1872)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу