19.07.2022
  55


Автор: Баян Тіленшина

НАУРЫЗ – ЖЫЛ БАСЫ

Қайта құру қаулысын,
Қауыздау еткен Наурызым.
Ынтымақты ауыл үшін,
Өкпелескен көңілді,
Бауырластырған даумысың?
Наурызым, есен-саумысың?!
Бабадан мұра-жыл басы,
Көк бүршіктен сырғасы,
Ақ қардан сүтті жылғасы,
Бойжеткен ару-қыз Наурыз,
Қылықсыз бекер тұрмашы,
Қолыңды нұрға бұлғашы.
Жылжыған жылдың шеңбері,
Түн менен күнді теңгерді.
Шуақ бір сүйіп белдерді,
Сұр бұлт мінген Көк аспан,
Ақ жауынды өңгерді.
Күн – сұлу көзін төңкерді.
Жарықтау жанып жұлдызы,
Жаңалап көйлек ұл-қызы,
Жаңарып келіп жыл құсы,
Сылқылдай ақты арықтан,
Тіршіліктің күлкісі,
Жасылданған түр-түсі.
Ата салтын теңеген,
Жаңа жылым – көреген.
Жас өмір басы-берекем,
Тіршіліктен өрілсін,
Босағаң, уық, керегең,
Тілім, ділім, мерекем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу