17.07.2022
  671


Автор: Түс жору

Кеме—ауырып, қиналып, қатты абыржып жүрген адам үшін қайырлы болады. Кеменің жағада тұрғанын көру—жолы болатынын білдіреді. Түсінде кемені жағаға қарай сүйреп жүргенін көрген адам—екі жүзділік көрсетеді. Салихалы адамдармен бірге кемеге мінгенін көрген адам—күнәдан тазарады. Кемеден шыққанын көрсе—бақытқа кенеледі. Кімде-кім жағада тұрып, теңізде бір кеменің бос қалқып жүргенін көрсе—оңды сапардың белгісі. Кеме, надандық пен бүліктен құтқаратын Ислам деп жорылады. Науқас адам өлген адаммен бірге кемеге мінгенін көрсе—ол адам бүліктерден арылады. Қарызы көп адам кемеге мінгенін көрсе—қарызын өтеп, қайғы-мұңнан арылады. Егер жағдайы нашар адам көрсе—Алла тағала оған күтпеген жерден молшылық береді. Жұмыссыз жүрген адам кемеге мінгенін көрсе—жұмысқа орналасатынын білдіреді. Өлім төсегінде жатқан адам кемеге мінгенін көрсе—оның өмірін ұзартады. Түсінде кеменің батқанын және тақтайдан ұстап құтылғанын көр- се—жұмысында кездесетін кедергілердің қысқа уақыттың ішінде ретке келетінін білдіреді. Түсінде бос кеме көру—саудадағы табыс пен пайданы білдіреді. Түсінде теңіздің жағасында тұрып, ол жердегі кеменің бейпіл жүзіп жүргенін көру—қайырлы істі білдіреді. Бойдақ жігіт түсінде кеме сатып алса—үйленеді. Түсінде Нұх (ә.с)-ның кемесін көру—қуанышты, жаңбыр жауатынын білдіреді. Мінген кемесінің ауада жүргенін көрген адамның өлімі жақындағанын білдіреді. Кеменің құрлықта жүргенін көру—жаманшылықтың белгісі. Үлкен кемелер—жақсылықтың белгісі. Кішкентай кемелер—қарақшылықтың белгісі. Бұзылған кеме— қайғы-мұңның, батқан кеме құтылудың белгісі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу