Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  108


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Әділетсіз

Болып кетсе ыстықта төңірек сыз –
Әділетсіз!
Қалып қойса кедейлер соғым-етсіз –
Әділетсіз!
Сүйгенінен айырылса еңіреп қыз –
Әділетсіз!
Ақын болса жазғыштар қабілетсіз –
Әділетсіз!
Болып кетсе аста да көбірек тұз –
Әділетсіз!
Ішім-жемді тірліктің мәні деп сіз
Түсіңсеніз –
Бұл – тағы Әділетсіз!
Ауыратын адамның тәні депсіз,
Қайда қалмақ жан сонда?
Әділетсіз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу