Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  68


Автор: Амангелді Бұғабаев

М. САТЫБАЛДИЕВКЕ

Уа, Кең Жылой, оң болған,
Төсінде бүгін дүбір көп.
Басталды күткен той тағы.
Мүмкін бе көріп толғанбау,
Меңдекеш деймін күбірлеп,
Кетті-ау деп іште айтары.
Соттағы сөзің, оқығам,
Тебіреніп жаным толқыды.
Жырыңның көргем отынан,
Жаныңнан жасын жарқылын.
Ер едің тартқан нар жүгін,
Жылытам деген тасты оттай.
Сезімнің сырлы сандығы ең
Ажалға қарар қас қақпай.
Махамбет өтті есіл ер.
"Құсаға толып әр күні"
Жырыңның көріп сесінен,
Махаңның дер-ді сарқыны.
Төлеген – жыр боп есіліп,
Жырлаумен кетті Жұмекен
Сөйлер кім енді шешіліп
Дегізер елді, "дүр екен".
Келіп ем елді бетке алып,
Түменді қолдай сөзімді ап
Жасын-жыр күнің өтті анық,
Тыңдатар елге өзің жоқ.
Өтпекте мұңлы, жылай күн
Кескекті ерлер қайдасың?
Шерменде қылып қойғасын,
Тірліктен нәрсіз тойғасын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу