Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  64


Автор: Рахмет Аяпбергенұлы

Жер жаннаты – Жармышым!

Еңбек етіп алған елдің алғысын,-
Құрдастарым, қанша мұнда нар – мүсін?!
Ер қанаты тұлпар жалды мекенім,
Жер жаннаты болған менің, Жармышым!
Сені жырлап ұшырамыз ән құсын,
Құрбыларым, аманбысың, бармысың?!
Қайран бабам кеткен бізге сый етіп,
Жайрандаған сайран далам – Жармышым!
Елін қорғар қанша сенде Қармысым,
Ауылының көркейтетін әр тұсын.
Елжіреген сүйген жарын жүргендей,
Мөлдіреген бұлақ – суың, Жармышым!
Егін жайда жүрсе өртенем шалғышым,
Сәбилерің таңғы – ұйқыда қалғысын.
Пайданы сен беріп жатсаң Отанға,
Қызу еңбек майданы сен – Жармышым!
Сарқылады сен деп бойда бар күшім,
Тұлпар жылдар сан ғасырға қарғысын.
Кең бас алып келешекке аға бер,
Сен жасарып жаңарасың, Жармышым!
Диқан баба көрген өмір талқысын,
Байлығың – теңіздей боп шалқысын,
Мың сан иші басыңды сан қарттарға,
Жусан исі бұрқыраған, Жармышым!
Жыр шабыттан кеудем менің балқысын,
Жер ме едің сен диқаншылық, шаруа үшін,
Тербедің кең жүрегімді жер – Анам,
Көрмедім мен сендей ауыл, Жармышым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу