Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  109


Автор: Рахмет Аяпбергенұлы

Бейнеу

Сенбей сөзге ондай ару десең мың,
Ғашығы боп қалған басшы-көсемнің.
Күн бейнесі бабамызға у болған
Бейнеу деген аты ма екен әжемнің?!
Есімі боп кеткен жалпақ даламның
Сұлу Бейнеу шырқар дара әнім.
Ай тұлғасы жұлулықтан жаралған,
Бейнеу деген аты ма ардақ ананың?!
Ерекше нұр шашып тұрар күндіз-түн,
Қиялымда қалған мәңгі күн жүздім.
Әсем көркі көңілінен бір кетпес,
Бейнеу деген аты ма екен Гүл-қыздың?!
Біздер үшін шек шеті жоқ Отанның,
Мейірімі мөлдір көзі ботамның
Ісі-түсі шежіреге айналған,
Бейнеу деген аты ма әлде атамның?!
Сан сұлуға отын жаққан үміттің,
Бұл ұлыңды қалқам қалай ұмыттың?!
Ерлігімен, өрлігімен танылған
Бейнеу деген аты ма әлде жігіттің?!
Ұлан-байтақ даласының аумағы,
Бейнеу-қазір елімнің бір ауданы.
Базарымда көр қырманым тасып тұр,
Жерімде жоқ жеміс-жидек бау жағы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу