Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  70


Автор: Рахмет Аяпбергенұлы

Оңды жер

Баурайында жоқ болса да сәнді көл,
Аяулы ару, қыздай өңді жер.
Өнер алды-қызыл тілмен әспеттеп,
Бабаларым тауып қойған Оңды жер.
Тау басынан құлап түскен жолды көр,
Құшағында жасап жатқан қомды ел,
Мың қалаға алмастырмас тұрғыны,
Бұл далада ғажап мекен Оңды жер.
Қыста келсең бар айналаң тоңды жер,
Әр күн аяз бекер кимес тонды ел.
Аңқылдаған адамы бар ойы ізгі,
Саңқылдаған бораны бар Оңды жер.
Алды-артың мейлі оңды, солды көр,
Жазда келсең қызғалдаққа толды жер.
Елдің сұлу маңдайына бітетін,
Жердің сұлу жаннаты екен Оңды жер
Басымызға бақыт құс боп қонды жер,
Ақылың таудың аққан дариясы.
«Шығыстың шынары» деп кітап жазған,
Өзің ғой бейбіт күннің Әлиясы.
Сен елге берері көп бір ерек бау,
Айтуға оны басқа жыр керек-ау.
Бірнеше салыстырған түркі тілін,
Көл-көсір ол-еңбегің бір бөлек тау.
Қызығып келбетіңе күн қараған,
Туыпсың өзгеше боп гүл даладан.
Ер ана, батыр ана даңқы шыққан,
Сен де апа айнымайсың Ұлбаладан.
Елмен бір есіміңді құрметтей,
Тіл жетпей көп жазуға суреттей.
Тұлғаңа теңеу таппай толғанамын,
О, менің ардақты апам құдіреттей!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу