Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  111


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Дәлел

Суды жарып өтіп шыққан Мұсаны
Қырық жыл бойы жүрген дейді құсалы.
Сенуші мен сенбегенге не болды,
Өткен күннен жетті бізге мысалы.
Мұражайда жатқан патша мәйіті
Жаратқанның дәлелі мен нышаны.
Таппаса да Нұхтың жүзген кемесін,
Көргендер көп Перғауынның денесін.
Дем бітерде сәжде қылған пендесін
Қияметте Алла ғана елесін.
Көрген жанның аузына алғаш келген сөз:
«Астапыралла!»
Одан басқа не десін?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу