Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  49


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Бісімілла

Бісімілла де – қалсаң кенет жығылып,
Бісімілла де – кетсе атың сүрініп.
Бісімілла де – бір жұмысты бастарда,
Бісімілла де – жүрегіңе үңіліп.
Бісімілла де – бір пәлеге ұрынып,
Бісімілла де – кетсе жолың бұрылып,
Бісімілла де – тұрғаң болсаң кідіріп,
Бісімілла де – қалар шайтан тығылып,
Бісімілла де – сөздің мәнін ұғынып,
Бісімілла де – кетер бойың жылынып,
Бісімілла де – түбі болар қайырлы,
Бісімілла де – Алла атында ұлылық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу