Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  266


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Фатиха сүресі (арабша-қазақша)

Бісімілла-рахман-рахим!
Мейірімді, рахымды,
Ғаламда бір ғана!
Әлхамду-лиллаҺи раббил ғаламин!
Әлемнің қожасы – разымын Аллаға!
Әр-рахман, ир-рахим!
Жебеуші, жарылқап, демеуші сол ғана!
Малики иамуддин!
Қиямет күнінің иесі сол ғана!
Иа-кә нағбуду, уа, иакә, нәстағин!
Саған ғана сыйынамын,
Жәрдем берер сен ғана.
ИҺдинас сиротол, мустахим!
Баста бізді тура жолға!
Сиротол лазина әнамта әләйҺим!
Қасиетті ардақтым!
Ғайрил мағбузу алейҺим уа-лаз зол –лин!
ҚаҺарына ұшырайтын адасқаннан аулақ қыл!
Әумин!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу