Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  62


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Мінажат

Көріп, естіп, түйсініп,
иіс сезіп, дәм алған
Адам басқа хайуаннан
артық болып жаралған.
Сондықтан да қорегін
тауып жеген адалдан,
Қанағатқа шүкір қып,
қашық жүрген арамнан.
Бірақ, сырты жылтырап,
қол берісіп, қол алған,
Кеудесіне жаманның
шайтан келіп қамалған.
Ар-ұятын азғынға
алғаннан соң тонатып,
Ұят қашып, ар жасып,
иман берік жоғалған.
Биік пенен тереңнен
ой табатын мінәжат,
Тою білмес нәпсіні
тойтаратын мінәжат.
«Ғафу ет!» – деп Аллаға
айта алатын мінәжат,
Сол иманды қайтадан
қайтаратын мінәжат.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу