Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  80


Автор: Жасұлан СЕРІК

...Шешіндіріп иманды жалаңаштап...

Шешіндіріп иманды жалаңаштап,
Арлы күнім адасып барады ақсап.
Құбылаға қарап ап мөңірейтін,
Менен гөрі бақытты-ау қара баспақ.
Не берер деп күні ертең Құдай маған,
Түн ойланам, содан соң күн ойланам.
Ыстығында шілденің өлерменбіз,
Жалынына тозақтың шыдай ма адам?!
Күнахарға Жәннат жақ мұнартқанда,
Жауап бермей қиналып сұрақтарға.
Мешіт жаққа тартады періштелер,
Ал шайтаным бар дейді клубтарға.
Қу дүние сүйремес көшімді ұдай,
Ес те кетіп есепсіз есірдік-ай.
Кеш те болса күнәмді мойындаймын,
Күнахар бір құлыңды кешір, Құдай!
...«Ықыласты» жаттатып мүмін аға,
Өз Раббысын еске алды құлы дара.
Таң намазын оқыды алғаш рет,
Қарап ап құбылаға!
Аллаху акбар...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу