Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  68


Автор: Ғали Орманов

ЖЕР ДƏМІ

Тудырған түрлі əңгіме, нелер аңыз
Сыр бойын сіз де бірге аралаңыз.
Бақшада бадырайып тартады көз
Теңкиген торлы қауын, ала қарбыз.
Қарбыздар қарш айрылар пышақ салса,
Қауындар сыяр емес құшаққа алса.
Солардың жан сүйсінткен əсем дəмін
Сіз-дағы құмартарсыз бір татқанша.
Томырылып қантқа ұқсайды қарбыз іші,
Аңқиды аймағына қауын иісі.
Сыртынан сықырлата сыға ұстап,
Шерткенде-ақ шырындарын таныр кісі.
Бағумен өседі екен соның бəрі,
Көп екен, күте білсе, бағу мəні...
Алайда осыларға көп қараймын
Тұрғандай Сыр бойының барлық дəмі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу