Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  237


Автор: Ғали Орманов

Қыдырып біраз Сыр бойын...

Қыдырып біраз Сыр бойын,
Өлеңдер жидым тірнектеп.
Түгендеп бірақ қыр, ойын
Жеткізу қиын суреттеп.
Менің де қалды құмда ізім
Секілді соны қайыған.
Əңгіме тердім күн ұзын
Əдейі Сырдың жайынан.
Сыр бойы жомарт жер екен
Алысқа даңқы жайылған.
Өңірі диқан ел екен
Еңбегі жанып байыған.
Сапырып жатыр қырманда
Саралап тау-тау күрішін.
Сыбдыры соның бұларға
Сылдыры тектес күмістің.
Құйылған сайын еселеп
Қырманды кернеп сол күміс,
Қосылып жатқан есеп жоқ
Секілді ол бір мол ырыс.
Сезеді содан жұрт өзін
Қырлары сынбас қуатты.
Мені де демеп сол сезім,
Өлеңдер тартқан сияқты!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу