Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  65


Автор: Ғали Орманов

Алуан түрлі өмірдің кітаптарын

Алуан түрлі өмірдің кітаптарын
Жас күнімнен жалықпай күнде ақтардым.
Ашқан сайын əр беттен алдым тауып
Жалын толы өлеңнің шумақтарын.
Қол үзбеймін сондықтан ол кітаптан
Өрісім мен сол менің малым баққан.
Соған шүйгіп, сонысын таба білсем,
Секілдімін өзіме орын тапқан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу