Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  71


Автор: Ғали Орманов

САЯЗ БЕН ТЕРЕҢ СЫРЛАРЫ

Үш Тентек туралы ой
Басылды жаңа ғана нөсер құйып;
Шомылып қалды суға нелер биік.
Көпіріп кенет соған екі Тентек
Тасыды арнасына əрең сыйып.
Қып-қызыл сулары лай алас ұрған;
Қарғиды аса жаздап сабасынан.
Секілді түпсіз терең тұнжырайды
Кей жерде көз жіберсең жағасынан.
Ал, анау қатар аққан үлкен Тентек
Көк күйі, лайланбай жатыр ол тек.
Жарға ұрып жағаларда шырқ үйрілген
Көбік те көрінбейді жентек-жентек.
Жатыр ол бəріне ашып кең құшағын;
Қос Тентек құтырса да суы шағын.
Боламын ұқсатқандай əлденеге
Осынау өзендердің сол бір шағын.
Бірінің тынысы кең, суы терең,
Жауынды жөбішенді қылмайды елең.
Саязы сəл жаңбырда-ақ бұрқырайды
Өңірде өзен жоқтай өзіне тең!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу