Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  71


Автор: Ғали Орманов

ГҮЛ МЕН КӨҢІЛ

Гүл деген де –
Табиғаттың сыйы бір,
Жаратқандай
Жүзіне ылғи құйып нұр.
Қызыққаннан
Иіскейсің сен де оны.
Ұмытқандай
Егделікті сол жолы.
Жастығың да
Елестейді сонда бір.
Секілді онда
Төңірегің толған жыр...
Шыға бере
Тағы ұмытып кетесің.
Сірə неге
Құлазымайды екенсің?
Ұлғайған соң
Тарттың ба əлде қатыбас?
Ондай болсаң,
Ауызға түк татымас!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу