Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  68


Автор: Ғали Орманов

ТІРШІЛІК ЫРҚЫ

Жұмыста кешке дейін сабылсаң да,
Түбі жоқ, түгемейді ол не қылсаң да.
Қаратпай келер күнге тындырғалы,
Кешкісін қадаласың тағы шамға...
Ойлайсың бір еңсеріп тастадым деп,
Жаңасын жайымен-ақ бастармын деп.
Түрткілеп төсегіңнен тұрғызғандай,
Алады түп етектен басқа міндет.
Келгендей кетер ме деп сен ұмытып,
Тұрады тағы бірі кезек күтіп.
Бəрі де тірлігіңнің тынысындай,
Сен де əсте кейімейсің қабақ шытып.
Шықса да түнде ұйқың тағы қанбай,
Жаңасын қарсы аласың жаның қалмай.
Шетінен бітіп жатса, сүйсінесің,
Соншалық жан рахаты табылғандай!
Тəрізі, тұра алмайды ол сені күтпей,
Сен-дағы қынжылмайсың оған титтей.
Өмірдей шегі оның да көрінбейді,
Соңында, сірə, тіпті қалар бітпей!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу