Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  125


Автор: Ғали Орманов

ҰРПАҚТАР ҰСТАЗЫ

Ашпады дейсің кімге есік
Горькийдің Университеті.
Шықпады дейсің кім өсіп,
Мысалы, Сəкен іспетті.
Өзің де, бəлкім, осында
Оқыған сірə боларсың.
Жалықпас ұстаз досыңа
Жаңылмай оны баларсың.
Қалаулы жандай əр үйге,
Қасында Горький бірге жүр.
Қайрылса қимай, əрине,
Көрінбес қымбат кімге бұл!
Қажымас қамқор, досыңдай
Баулиды бірге балаңды.
Қашан да ұстаз осылай
Өсірген тынбай адамды.
Ғасырға жасы толса да,
Өнері оның жас əлі.
Халқына қымбат соншама,
Қалпында Горький қашанғы.
Қанаты талмас дауылпаз
Қасқарып алға заулайды,
Əрі дос саған, əрі ұстаз,
Жаныңды дəйім баулайды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу