Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  52


Автор: Ғали Орманов

ҚАЙРАҚ

Өзіңнен, достым, түңілмей,
Жаныңа терең тез үңіл.
Дақпыртқа бекер жүгірмей,
Серпілсін деген сөзім бұл!
Орынсыз оны қолпаштап,
Өзіңді сонша қор тұтпа.
Жүргендей қыран құс сақтап,
Өзгені қоса қорқытпа!
Көргені сенен көп пе оның?
Білгені сенен бай ма əлде?
Байқауға елдің өткенін
Шықты екен ұзап қай белге?
Бітімі шексіз теңіздей
Есіңде тұр ғой не заман.
Бейшара-ай, қайтсін дегізбей,
Тезірек серме сен оған.
Көңліңнің шамы жанса егер,
Көрінер саған қайдағы.
Сарылған солай сан шебер –
Қажымас ерлік айғағы!
Ал, анау қыран құсыңды
Қоя тұр əлі қоқитпай.
«Құйтулап» жүріп, осыңды
Жіберсең жарар шоңқитпай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу